Нұрлан Бекназаров – мәслихат хатшысы Избранное

Среда, 30 Март 2016 04:53 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 8236 раз

Алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болып сайланған Нұрлан Бекназаров тағы да әріптестерінің сеніміне ие болды. Мәслихаттың алғашқы сессиясында депутаттар Нұрлан Құдиярұлын бірауыздан мәслихаттың хатшысы етіп сайлады.


БекназаровБұған дейін де IV және V шақырылымның мәслихат хатшысы болған азаматтың еңбегін көпшілік біледі. Сондай-ақ ол Шымкент қалалық мәслихатының II, III, IV, V шақырылымының депутаты болып төрт рет сайланған.
Н. Бекназаров 1964 жылы туған. Білімі жоғары, «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін ҚР Президентінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы №124 Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған. Сонымен бірге, «Қазақстанның Құрметті мәслихат депутаты» наградасының да иегері.
Нұрлан Құдиярұлы халық қалаулысы ретінде Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене атсалысып, қоғамдық-саяси жұмыстардың үнемі басы-қасында жүретін мемлекетшіл азамат.
Өкілетті биліктің дамуына, депутат пен халықтың үйлесімді жұмыс атқаруына үлес қосып, халыққа қалтқысыз қызмет атқарып келе жатқан азаматқа сәттілік тілейміз!

Последнее изменение Среда, 30 Март 2016 05:00
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.