Оңтүстiктен 6 азамат Мәжiлiске барды

Пятница, 25 Март 2016 04:16 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 2859 раз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің бюро отырысына қатысты. Отырыста Мемлекет басшысы сайлауда «Нұр Отан» партиясына теңдессіз қолдау көрсетілгенін, сондықтан осындай жоғары сенімді ақтау қажеттігін атап өтті.

parlamentҚазақстан Президенті сайлау үдерісін 1000-ға жуық байқаушылар мен әлемнің 51 елінен 150-ге тарта бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылағанын айтты. Сайлау ашық, жария түрде өтіп, жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп танылды. Жалпы алғанда, қазақстандықтар бірлігі мен тұтастығын, сондай-ақ ел дамуына үлес қосуға ұмтылысын паш етті. Мемлекет басшысы жаңа шақырылым депутаттары сенімді ақтауы тиіс екендігін, өйткені оларға Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асырудың айрықша жауапкершілігі жүктелетінін айтты.
Отырыс барысында ҚР Парламенті Мәжілісіне өткен 84 депутаттың аты аталды. Айта кетейік, олардың қатарында Оңтүстік Қазақстан облысынан 6 азамат бар. Олар – Ержан Құдайберген, облыстық мәслихаттың хатшысы; Бәйділдә Жылқышиев, облыс әкімі аппаратының басшысы; Фахриддин Қаратаев, «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы;
Уәлихан Қайназаров, Сайрам ауданының әкімі; Сәкен Қаныбеков, облыс әкімінің орынбасары және Берік
Оспанов, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.