«Әлем. ХХI ғасыр» манифесi

Пятница, 15 Апрель 2016 06:15 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5149 раз

NSSБұдан бұрын хабарлағанымыздай, АҚШ астанасы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілді. Президентіміздің әлем халқын бейбіт өмірге шақырған үндеуі бүгінде БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. Қазіргі таңда Елбасы манифесі елімізде және барлық әлем қауымдастығының қызу қолдауын туғызды.

 

Елбасы бастамасы – әлемге үлгi

дарменовЕрмек ДӘРМЕНОВ, 
Шымкент қалалық мәслихатының депутаты:

– Елбасы Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиті барысында әлемдегі соңғы оқиғалар, жаппай қарулану және халықаралық істердегі дау-жанжалдардың өсуі жаһандық соғыстың шындыққа айналуы мүмкін екенін де жасырып қалмады. Елбасының бұл ізгі бастамасы дер шағында айтылған маңызды мәселе еді. Сондықтан да, әлемдік қауымдастық тарапынан кең қолдауға ие болуда.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен ядролық қарудан ада әлем құру туралы жалпыға ортақ декларацияны қабылдады. Бұл – бейбіт өмір сүруде және тіршілікті сақтауда әлем халықтарына символдық планетарлық жолдау болып табылады. Елбасы Н. Назарбаев көтерген бастамалар әрдайым планетадағы тыныштықты сақтауда халықаралық саясатты тиімді қалыптастыруға ықпалын тигізуде. Жаһандық қауіп-қатерлер асқынып, адамзаттың алдында шешілуі қиын көптеген түйткілді мәселелер көлденеңдеп тұрған қазіргі уақытта бұл манифестің бейбітшілікке қосар үлесі мол.



Ядролық қарудан бас тарту – ХХI ғасырдың басты мақсаты

маймаковҒаппар МАЙМАҚОВ, 
М. Əуезов атындағы ОҚМУ-дың «Қазақстан халқы Ассамблеясы» арнайы кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., құқықтану доценті:

– Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Сол себепті, Елбасы манифесі тек біздің еліміз үшін ғана емес, дүниежүзі халықтары үшін де өте маңызды деп санаймын. Мемлекет басшысының қарусыз әлем құру, ядролық қауіпті сейілту бастамасының саммитке қатысушылар тарапынан бірауыз қолдау табуы қуантарлық жағдай.

Қазақстан жері өз уақытында ядролық қару сынау үшін полигон ретінде пайдаланылған. Бас-аяғы 500 ядролық сынақ жүргізіліпті. Соның нәтижесінде бір жарым миллионнан астам адам мен ауқымды территориямыз радиацияға ұшырады. Осыдан болар, еліміздің тарихи тәжірибесі біздің тарапымыздан қауіпсіздікті басқаша түсінуімізге түрткі болды. Қазақстан халқының қолдауы арқасында кеңестік Семей ядролық полигоны жабылып, еліміз өз аумағындағы барлық ядролық қарудан бас тартты. Бұл алпауыт елдер үшін керемет үлгі деп санаймын. Сондықтан да, Елбасымыздың биік мінбеден көпке ортақ өткір де өзекті проблемаларды көтергені халықаралық жиынға қатысушыларды бейжай қалдырмағаны анық. Елбасымыз көрсетіп отырған жалпыға ортақ шынайы қауіпсіздік жолы, міне, осы.

 

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.