Аукцион тек қазақстандықтар үшiн өткiзiледi

Среда, 04 Май 2016 06:53 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3367 раз

DSC 0737Сәбитжан АКБАРОВ,
Абай ауданы Әділет басқармасының басшысы, ҚР «Заңгерлер Одағының» ОҚО бойынша мүшесі:

– Жер кодексінің 24 бабына сәйкес, шетелдік азаматтарға жер сатылмайды, тек жалға беріледі. 2001 жылдан бастап шетелдік азаматтар Қазақстан жерлерін он жылға жалға алып келді. Ал 2011 жылдан бері шетелдік азаматтармен бірге, құрамында шетелдік азаматтың елу пайыздан жоғары жарғылық үлесі бар қазақстандық заңды тұлғаға да он жылға жалға алу мүмкіндігі берілді. 2014 жылдан бастап жалға беру мерзімі 25 жылға дейін ұзартылды. Бұған себеп – жерді игеру шаруашылығы бірден пайда әкелмейді. Жердің «жемісін» көру үшін кемінде он бес жыл және аса көп қаражат жұмсау қажет.
Айта кетейік, жер шетелдіктерге тек конкурс арқылы жалға беріледі. Оның өзінде жалға алушы жерді пайдалану жоспарын көрсетуі тиіс. Егер шетелдік азаматтар талаптарды орындамайтын болса, мемлекеттің жерді алу құқығы бар. Компания құрамындағы шетелдік азаматтың жарғылық үлесі 50 пайыздан жоғары болып кеткен жағдайда, үш айдың ішінде қазақстандық заңды тұлғадан жер телімдері тартылып алынуы немесе оның жекеменшік құқығы жойылып, жалға алу құқығы рәсімделуі тиіс. Талап орындалмаған жағдайда, жергілікті әкімдік жерді мемлекет иелігіне қайтару туралы сотқа арыз түсіреді. Қалай болғанда да, жер телімдерінің қожайыны ретінде Қазақстанда тіркеліп, осы елдің заңы бойынша жұмыс істеп, салық төлейтін Қазақстан резиденті ғана мойындалады. Шетелдік азамат кеткісі келсе, үлесінің құнын ақшалай ғана алуына рұқсат беріледі. Компанияның иелері ерлі-зайыпты әрі бірі шетелдік азамат болған жағдайда да осы талап қойылады. Бұл ретті тіпті, Қазақстан азаматы жерін шетелдік азаматқа сатып пайда таба алмайды. Өйткені, заңда нотариустардың мұндай келісім-шарт жасауына тыйым салынған. Заңда аукцион қазақстандықтар үшін, ал конкурс шетелдіктер үшін өткізіледі деп анық жазылған. Мұндай жүйе сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. Аукционның өзі азаматтар арасында ашық бәсекелестікті күшейтеді. Демек, «қазақтың жері шетелдіктерге сатылғалы жатыр» деп аттандап, жұртты дүрліктірген сөз негізсіз. Жер сатып алуға тек қазақстандық азаматтардың ғана құқы бар.

 

Последнее изменение Среда, 04 Май 2016 07:06
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.