Өзгерiстер жердi ұтымды пайдалану үшiн енгiзiлдi

Среда, 04 Май 2016 07:06 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4219 раз

P1020849Мұсатіллә Тоқанов,
М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Агроөнеркәсіп кешені мен су қоры мәселелері» ғылыми-зерттеу институтының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты:

– Қазіргі уақытта жер мәселесіне қатысты тақырып өзекті болып отыр. Халық арасында «жер шетелдіктерге сатылады» деген дақпырт әңгіме таралып үлгерді. Осы ретте айтарым, мемлекет жердің әрдайым кәдеге жаратылып, өнім беруін, табыс әкелуін қалайды. Мұның барлығы да халықтың игілігі үшін екенін баса айтқым келеді. Қазақстанда 1990 жылы жер туралы алғашқы заң қабылданды. Кейін оған өзгертулер енгізіліп, сол кезде түрлі нұсқалар болды. Мәселен, жерді 3 жылдан 10 жылға дейін жалға, соның ішінде шетелдіктерге де беру, соңынан 99 жыл болып өзгертілді. Одан кейін шектеу енгізіліп, қазақстандықтар үшін – 49, шетелдіктер үшін – 10 жыл болды. 2003 жылы Жер кодексі қабылданып, онда жерді жалға немесе жекеменшікке беруге қатысты барлық нормалар қамтылды. 2014 жылы жалға беру мерзімін 25 жылға дейін ұзартуға қатысты соңғы өзгерістер енгізілді. Осы құқықтарды реттейтін Жер кодексі 13 жылдан бері қолданылып отыр.
25 жылға жалға беру нормасы кеше қабылданған заң емес, ол 1,5 жылдан бері қолданылып келеді. Жерді жалға алған азамат одан мол өнім алуға, оны күтіп-баптап ұстауға және халықты жұмыспен қамтуға мүдделі болады. Ұлттық экономика министрлігінің Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісілген жерді ұтымды пайдалану ережелері туралы бұйрығы бар, оны ашық түрде оқуға болады. Онда жалға беру кезіндегі топырақтың барлық сапалық жағдайы қатаң көрсетілген. Топырақтың осынау сапалық жағдайын төмендету заңды тікелей бұрмалау болып табылады және ол жер қайтарып алынады. Жерді ұтымды пайдалану ережесі бұзылса, ол мемлекет меншігіне кері қайтарылады. Бұл туралы Жер кодексінде нақты жазылған. Шетелдіктер жерді сатып ала алмайды. Жалға алған күннің өзінде де, олар елімізге жұмыс күшін әкеле алмайды. Өйткені, біздің елімізде жұмыс күші қатаң квоталанады. Бірінші және екінші категория – жоғары білікті инженерлер, менеджерлер, үшінші-төртінші категория – білікті жұмыс күші. Ол жұмыс күші мұнда керек пе немесе өз ресурстары жеткілікті не жеткіліксіз екендігін әкімдіктердегі комиссия құрамы анықтайды. Сондықтан, тіпті, жұмысқа рұқсат бергеннің өзінде, ол небәрі 1 жылға ғана беріледі, одан кейін адамдар елден кетуі тиіс. Егер уақытша жұмысшылар болса, олар бір маусым ғана жұмыс істейді.

Последнее изменение Среда, 04 Май 2016 07:20
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.