Несібесін жерден іздеген шаруаға жеңілдіктер қарастырылған

Среда, 04 Май 2016 07:13 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3540 раз

qyyqbaiҚырықбай СМАН,
«Көкбұлақ» өндірістік кооперативінің төрағасы:

Елімізде Жер кодексіне қатысты мәселеде әр адам әртүрлі пікірде. Заңды нақты оқымай даурықпа сөздерге еріп кейбіреулер дүрлігіпте жүр. Дүрлігіп отырған азаматтар жер саласының қыр-сырынан мүлдем хабарсыз сияқты. Бұған бір жақтама емес тереңінен қарау керек.
Мен шаруа қожалығын жүргізіп, нәпақамды жерден тауып жүрген азамат ретінде ҚР Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге оң көзбен қараймын. Себебі, қарапайым шаруаға жерді иеленуіне бір қатар жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, диқаншы қауым жерді 49 жылға жалға алды делік, оның жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін толықтай сатып алуына және сатып алынатын жердің ақысын 10 жылға дейін созып төлеуге мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, 50% жеңілдік қарастырылған. Өйткені халықтың жерді бірден сатып алуға қалтасы көтермеуі мүмкін. Бұл шаруаға жасалған мемлекеттің қамқорлығы. Ал, жалға берілетін жағдайда жерімізге титтей де залал келтірілетін болса Қазақстан Республикасының Заңымен қатаң жазаланады және мемлекет меншігіне қайтарып алынады. Осы мәселе Жер кодексінде егжей-тегжейлі жазылған. Сондықтан өз тыныштығымызды өзіміз бұзатындай ешнәрсе көріп отырған жоқпын. Заңға енгізілген өзгерістер арқылы ауыл шаруашылығымен айналысып жүрген Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы өз ісін дамытуға мүмкіндік туып отырғанын білуі қажет.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.