Облыс әкiмiне есеп бердi

Пятница, 29 Июль 2016 06:34 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 2992 раз

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Б.Атамқұлов ОҚО Жергілікті полиция қызметінің бастығы Б.Абылаевтың бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстар жөнінде есебін тыңдады.

Есепті кездесуде полиция қызметінің басшысы 6 айда құқық қорғаушылармен 18 рет кең көлемді жедел алдын алу шаралары ұйымдастырылып, облыстағы жағдай біршама тұрақталғанын жеткізді. Атап айтқанда, өңірдегі аса ауыр қылмыстар мен бұзақылық фактілері 13,5 пайызға кемісе, жол-көлік оқиғаларының жалпы саны азайған.
Б.Абылаевтың сөзінше, жыл басынан бері жеке іздестіруімен ашылған қылмыстар саны 1709-дан 1911-ге немесе 11,8 пайызға артқан.
Жиында сөз алған облыстың бас прокуроры И.Иманов заңдылықты қадағалау жұмыстарына қатысты аталған құрылымның бірқатар кемшіліктері барын мәлімдеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.