×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Сауда аймағын құру жоспарлануда

Среда, 12 Октябрь 2016 05:18 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 3189 раз

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары У.Розукуловпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

600 127

Кездесуде аймақ басшысы мәртебелі мейманды өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетімен таныстырып, екіжақты ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады. Қазақ-өзбек қатынасын жақсартып, тауар айналымын ретке келтіру бойынша келіссөздер жүргізіліп, ортақ келісімге қол жеткізілді. Аталған келісімнің шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы қос елдің шекарасы маңында сауда аймағын құру жоспарлануда.

Сондай-ақ, екіжақты басқосуда жыл соңына дейін Шымкент қаласында өзбек тауар өндірушілерінің көрмесін ұйымдастыру жөнінде мәмілеге қол жеткізіліп, арнайы жұмыс тобы құрылатын болды.

Оңтүстік Қазақстан облысына іссапары барысында У.Розукулов облыстың бизнес мүмкіндіктерімен танысты. Атап айтқанда, көршілес қонаққа «Химфарм» АҚ және «Kaz Kioti» ЖШС-ның трактор зауытының жұмысы көрсетілді. Өзбекстан Республикасының вице-премьері «Химфарм» АҚ-ның өндірісіне тәнті болып, өз елінде мұндай деңгейдегі кәсіпорынның жоқтығын жеткізді. Бұдан бөлек, делегация құрамында болған өзбек кәсіпкерлері «Kaz Kioti» ЖШС-мен әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүдделі екеніне ниет білдірді. Өзбекстанда жасалған жүк көліктері, мақта терім комбайндары және тұрмыстық техникалардың көрмесі Оңтүстік Қазақстан облысының индустриалды аймағында көрсетілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.