Аудан, қала әкімдерінің қатысуымен селекторлық жиын өтті. Өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте облыс әкімінің орынбасарлары, әкім аппараты және облыстық басқарма басшылары болды.
Күн тәртібінде, 2016 жылдың 10 айының қорытындысы мен бюджеттің орындалуы және «Нұрлы жол» бағдарламасының іске асуы туралы мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, осы жылдың 10 айында жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің жоспары 108,2 пайызға орындалған немесе 6,6 млрд теңге артық түскен. Сондай-ақ, бюджет қаржысы 97 пайызға игерілген.
Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы Ж.Түймебаев қаржыны кестеге сәйкес игере алмай отырған аудан, қала әкімдері жұмысты барынша жеделдетуі қажеттігін айтып, оның себебін нақтылап, түсініктеме беруі керектігін тапсырды.