Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын насихаттау және өзінің депутаттық қызметінің жұмыс барысын хабарлау мақсатында Шымкент қалалық мәслихаты №25 сайлау округінің депутаты, Экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н.Бұхарбаев сайлаушыларымен кездесу өткізді.
№29 мектеп ғимаратында өткен басқосуда Елбасының Жолдауы қызу талқыланып, кездесуге қатысушылар оған қолдау білдірді. Жиында сөз алған депутат Н.Бұхарбаев өз округінде және өзі төрағалық етіп отырған тұрақты комиссияның атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Тұрғындар да көкейлеріндегі ойларын ортаға салды. Пікір білдіргендер көпқабатты үйлердің аулаларын ойын алаңшаларымен қамтамасыз ету және кейбір аулалардағы автокөліктер тұрағы ретсізделіп кеткенін айтып, осы мәселені тезірек шешіп беруді өтінді. Сайлаушылар қойған сұрақтарына нақты жауаптар алды.
Н. Бекназаров қалалық мәслихат депутаттарының халықпен тікелей байланыс орнату мақсатындағы осындай кездесулер қалалық мәслихаттағы барлық округтерде де жалғасатынын атап өтті.