Мәселе мәнiн анықтаған Жолдау

Пятница, 14 Ноябрь 2014 05:44 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 5000 раз

Оңалбай Аяшев,20120215151335
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік
педагогикалық институтының
ректоры, педагогика
ғылымдарының докторы,
профессор, ОҚО мәслихатының
депутаты:

Ел мүддесімен ұштасқан бұл Жолдау – нақты мақсат-міндеттерді межелеген, мәселе мәнін анықтаған, тарихи кезеңде жарияланған маңызды құжат. Ұлттық қорға жинақталған ел қазынасы сол мемлекет азаматтарының экономикасы мен әл-ауқатын жақсартуға жұмсалатыны ашық айтылды. Бақытты болашақтың бағдарламасы іспетті «Нұрлы жол» Жолдауы арқылы Елбасы халыққа дағдарыстан шығудың амалдарын айқындап берді. Еліміздің жаңаша өркендеуіне жол ашатын бұл Жолдауда келелі мәселелер көтерілді.
Бірінші, үлкен экономикалық біртұтас саясат жүзеге асады. Екіншіден, ел бірлігі мемлекет экономикасын тұрақтандыруға қызмет етеді. Жолдауда баса назар аударылған мәселе – жол салу, Астана мен аймақтарды байланыстыру. Бүгінге дейін «Бизнестің жол картасы», «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша 300 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылса, Жолдауда берілген тапсырмалардың бірі тек жол салу нәтижесінде 200 мың жұмыс орны ашылады екен. Бұл – осыншама адамның жұмыспен қамтылуы және соншама отбасының әл-ауқатының жақсаруы деген сөз.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған ел келешегі үшін жасалар игі істердің бірі – үш ауысыммен оқитын мектердің жойылуы. Бұл кемелді келешектің кілтін ұстар бүгінгі жас буын, ертеңгі азаматтардың болашағы үшін жасалып отырған мәртебелі шара. Осы уақытқа дейін 204 мектеп апаттық жағдайда үш ауысыммен жұмыс істеп келгенін ескерсек, қаншама жаннаң көкірегіндегі қауіп пен қорқыныш бұлты сейілетінін санай беріңіз! Үш жылдық мемлекеттік бюджетте мектептер құрылысына тек 16 млрд. теңге қарастырылған. Ол дегеніміз – жаңа 16 мектеп. Ал қажетті көрсеткіш 200 мектеп. Елбасы тапсырмасы бойынша жаңа Жолдауға сәйкес, тек білім саласына 100 млрд. теңге қосымша бөлінетін  болды. Бұл – балаларға жасалған жақсылық қана емес, болашаққа құйылған инвестиция.
Елбасы дағдарыстан шығудың тиімді көздері бар екеніне, оны еңсерудің жолы бірілік пен келісім екеніне елді сендіре білді. Бұл Жолдауда алға қойылған мақсат-міндеттер – татулығымызды тұрақтылыққа ұластыратын, ынтымағымызды ұйыстыра түсетін нұрлы жол. Еліміздің барша азаматтары Жолдауға азаматтық қолдау білдіріп, перзенттік тілектестікпен үн қатады деп білем.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.