Дархан САТЫБАЛДЫ, Шымкент қаласының әкімі: Қалалардың дамуына ықпал етедi

Пятница, 14 Ноябрь 2014 05:39 Автор  Опубликовано в Саясат Прочитано 4632 раз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауы – тәуелсіз еліміздің тұрақтылығын қамтитын, Қазақ елінің болашағына нақты бағыт беріп, жол көрсететін тарихи құжат деп есептеймін. Жолдау – халық пен билікті бір мақсат, бір мүддеге жұмылдыра отырып, бүкіл елдің ынтымағы мен жасампаздығын ұйыстырады.

darhan satybaldyЖолдаудағы халықты қуантқан ең басты жағдай баспана мәселесі бойынша жасалатын реформаны атап айтар едім. Себебі, Шымкент қаласында соңғы мәліметтерге сүйенсек, тұрғын үй кезегіне 10348 азамат тіркелген. Бүгінде Шымкентте «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі» арқылы – 8, жас отбасыларға арналған – 6,  әкімшілік-іскерлік орталығындағы жалға берілетін – 29, ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларға арналған – 2, қызметтік-1 және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы 15 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Енді, міне, жаңа Жолдаудың арқасында елімізде пайыздық мөлшері төмен және бастапқы жарнасы төленбейтін жаңа бағдарлама іске қосылатын болды.
Мемлекет басшысы кезекті мәрте бизнеске бейжай қарамау керектігін, және оның дамуына қолайлы жағдай жасау күн тәртібінде тұрған бас­ты мәселелердің бірі екенін жеткізді. Бұл мақсатқа ел мен елді байланыс­тыратын, өңірлер арасындағы күре тамыр саналатын жолдар торабын ретке келтіру арқылы қол жеткізуді ұсынды. Сонда ғана өңіраралық бизнес әріптестікке кеңінен жол ашылады. Мұның барлығы бизнестің көптеген өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі. Басқа өңірлерге қарағанда Шымкентте шағын және орта бизнес айтарлықтай дамыған. Қалалық бюджеттің 27,0 пайыз кірісі немесе 9,0 млрд. теңгесі кәсіпкерліктен түсетін салықтардан құралған. Қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілермен 73 млрд-қа жуық теңгеге өнім шығарылуда. 100,0 мыңнан астам адам осы салада жұмыс істейді. Коммуналдық шаруашылық саласы да жанданатын болды. Биылғы жылы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту 2020» бағдарламасының шеңберінде республикалық бюджеттен 34 көп қабатты тұрғын үйді күрделі жөндеуге 211,0 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Жолдау – мемлекеттік мекеме­лер үшін міндетті түрде орын­далуға тиіс саяси құжат. Шымкент қаласының  әкімдігі осы орайда жүктелген міндеттерді орындау үшін қажет шараларды қабылдап, тиісті жұмысты атқаратын болады. Шымкенттіктер ынтымақ пен бірліктің арқасында Жолдау аясындағы тиісті жұмыстарды зор қарқынмен жүргізеді деген сенімдемін.

Последнее изменение Пятница, 14 Ноябрь 2014 07:41
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.