26.03.2024 күні науқас басының тоқтаусыз ауырсынуына, бас айналуына, тез шаршағыштыққа, ашуланғыштыққа шағымданып түскен. Пациенттің айтуы бойынша бұл шағымдар бірнеше жылдардан бері мазалаған.
Қойылған клиникалық диагноз: сол жақ көпір- мишықтық бұрыш менингиомасы. 27.03.2024 күні №2 Қалалық ауруханасында жоспарлы түрде ота жасалынды. Ота барысында патологиялық қан тамырлар мен Каудальды нервтер тобы ақырын ажыратылып, менингиома толықтай алынды.
Ота 7 сағатқа созылды. Ота барысында науқас 560мл қан жоғалтты.