Экстра интракраниалды микроанастомоз

Пятница, 29 Март 2024 17:27 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 842 раз

Науқас 34 жаста, 25.01.2024 жылы сол қолының әлсіреуі мен ұйып қалуын байқап, миын МРТ-ға түсіріп, сол жақ ішкі ұйқы артериясының бітеліп қалғаны анықталды.

Өте сирек кездесетін “Такаясу синдромы” диагнозымен 2 Қалалық Ауруханасына жоспарлы түрде ота жасатуға келді. Такаясу синдромы - тамырлардың ішкі қабығының қабыну әсерінен тамырлардың бітелуін шақыратын аутоиммунды ауру.

Отаның мақсаты - сыртқы ұйқы артериясының тармағын ми ішіндегі тамырға қалындығы небәрі 0.02мм хирургиялық жіппен тігу арқылы, қанайналымға бітелген тамырдан айналып өтетін жол жасау. Бұл ота микроскоп көмегімен 24 есе ұлғайту арқылы орындалады. Ота сәтті өтті, науқас ауруханадан аман-есен шығарылды, жағдайы жақсы.

Последнее изменение Понедельник, 01 Апрель 2024 06:29
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.