Антына адал абзал жан

Пятница, 24 Апрель 2015 06:19 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5196 раз

Дәрігер науқасты емімен ғана емес, жылы сөзімен де емдей алады. Мен бұған дәрігер-гастролог Әсем Құрманғалиеваның өзімді емдеп жазғанында көзім жетті. Облыстық клиникалық ауруханасына ауыр халде түскенімде өз бақылауына алып, ем-дом жүргізген білікті дәрігерге сүйікті газетіміз арқылы алғысымды жеткізгім келеді.

22222Адамдардың дәрігерлерге деген көзқарасы кейде біржақты болып кететіні рас. Асқазан жарасымен ауыр халде түскенімде енді тірі қалмайтын шығармын деп келіп едім. Шүкір, ақ халатты жандардың аялы алақаны, одан қалса емі арқылы сауығып кеттім. Әсіресе Әсем Құрманғалиеваның өз ісінің маманы екеніне шүбәміз жоқ. Аурухананың жоғары санатты дәрігері, гастроэнтерелогия бөлімшесінің меңгерушісі.
Күнделікті алдынан қаншама науқас өтеді. Солардың бәрінің көңілін тауып, емін қойып, ауруын жазады. Аурумен тек дәрігер ғана емес, науқас та өз өмірі үшін күресу керек. Он екі күн ем алып, асқазан жарасынан жазылып шықтым. Бөлімшедегі Әсем Кеңесбекқызы бастаған дәрігерлер қауымына шын жүрегіммен алғысымды білдіргім келеді. Әрқашан өз антына адал болып, көптің ықыласына бөлене берсін!

Зәкір Жұматаев,
зейнеткер
Шымкент қаласының тұрғыны

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.