БАУЫРМАЛДЫҚ ДЕП ОСЫНЫ АЙТ...

Среда, 19 Июль 2017 04:53 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3876 раз

Шымкенттегі жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында Рауан Әбеновтың бауырын алмастыру отасы сәтті өтті.

bauyrmaldyk-dep-osini-ait-56

28 жастағы жігіттің бауыры осыдан 3,5 жыл бұрын сыр берген. Елеусіз қалдырған дерт асқынып, уақыт өте келе бауыр церрозына айналған. Жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында келіп түскен Рауанға дәрігер Мәди Биғалиев бірден бауыр трансплантациясын жасау қажеттігін айтқан.
– Оған өзінен 7 жас үлкен ағасы донорлық жасады. Қазір науқастың да, донордың да жағдайы жақсы, – дейді аурухана басшысы Мәди Қожаұлы. – Біздің ауруханада бүгінге дейін 9 рет бауыр, 88 рет бүйрек алмастыру отасын жасадық. Емделушілердің барлығының жағдайы жақсы.
Жергілікті ауруханада бауыр трансплантациясының отасына үш рет шетелдік мамандар қатысса, қалған 6 отаны шымкенттік дәрігерлер жасады. Ал облыс бойынша тағы 500 адам бауыр жетіспеушілігімен есепте тұр. Дәрігерлердің айтуынша, олардың басым көпшілігінің бауырын ауыстыру қажет.

Последнее изменение Среда, 19 Июль 2017 05:00
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.