Банк салымшылары үшін жаңа үйлер салынады Избранное

Пятница, 10 Август 2018 05:06 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 105 раз

Шымкент қаласында 2 500 пәтерден тұратын 40 үй салынады. Мегаполис әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

IMG-20180808-WA0029

Келісімге сәйкес жалпы аумағы 150 мың ш.м. болатын үйлер салынады. Көпқабатты баспаналар Shymkent City қалашығы мен әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтермек.
Айта кетейік, бұл пәтерлер тек «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне ғана беріледі. Бағасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері үшін 1 шаршы метрі 140 000 теңгені құрайды.
Құрылыс көпке созылмайды. Жауапты мамандар алғашқы 598 пәтер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне биыл беріледі деп мәлімдеді. Осы мақсатта қаланың әкімшілік-іскерлік орталығында 11 үй салынуда. Құрылысшылар бұл нысандарды 2018 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
– «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысып, үй алу үшін клиенттің Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі есеп-шотында пәтер бағасының 20% көлеміндегі бастапқы жарна болуы жеткілікті. Мысалы, 1 бөлмелі пәтердің бағасы 5,6 млн теңге деп алсақ, онда депозитте 1,1 млн теңге жинау керек. Осыдан кейін банк 5% жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген заем береді, – деп Ләззат Ибрагимова мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарын түсіндіріп өтті.
Қалған 1 880 пәтердің құрылысы ShymkentCity қалашығында 2019 жылы басталып, сол жылы пайдалануға беріледі деп отыр. «Нұрлы жер» бағдарламасының шарттарына сәйкес, бұл пәтерлерден мына талаптарға сай келетін азаматтар үміткер бола алады:
– ҚР азаматы немесе оралман мәртебесіне ие азаматтар;
– өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жекеменшік үйінің болмауы;
– төлем қабілеттілігін растай алуы тиіс.
Айта кетейік, банктің бұл талаптарға сай келмеген салымшылары баспананы басқа бағдарламалар арқылы ала алады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.