Шымкентте орталық және аудандардағы мешіттерге терминалдар орнатылды деп, хабарлайды Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мешітке түсіп жатқан қаржылар ашық әрі заман көшінен қалмауда садақа қабылдау терминалын орнату қажеттігін тапсырған.
Бас мүфтидің шешімімен қаламыздағы орталық мешітте садақа қабылдайтын «киви» терминалы орнатылды.
Дәл осындай жұмыстар Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарындағы 15 мешітке және Шымкент қаласының қала әкімдігімен арнайы келісім жасалынып, бірқатар орталық базаларға орнату көзделуде.
Енді садақа қабылдайтын «киви» терминалы арқылы кез-келген жерде садақа, зекет төлеуге болады.