Суицид: өңірдегі педагог - психологтардың біліктілігі қай деңгейде? Избранное

Среда, 19 Сентябрь 2018 05:21 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3568 раз

Жастар арасында зорлық-зомбылық және өзіне-өзі қол жұмсау көрсеткіші биыл 30-ға артқан. Қоғамның түйіткілді мәселесіне айналып отырған ғасыр дертімен күресте білім беру ұйымдарындағы психолог-мамандарының иықтарына артылар жүк те аса ауыр. Осыны ескерген облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары өңірдегі 500-ге жуық педагог-психологтың басын қосып, біліктілігін арттыру курсын ұйымдастыруда.

KPBX0314-1024x768

Биыл сегіз айда 230-ға жуық жастың өзіне-өзі қол жұмсау дерегі тіркелген. Оның ішінде 157 жас суицидке оқталса, 72 әрекет қайғылы жағдаймен аяқталған. Үлкен өмірге қадам баспай жатып, қыршынынан қиылғандардың неге ондай қадамға баратынын облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Береке Дүйсебеков өңірдегі сала мамандарымен бас қоса отырып зерттегенін айтты.
- Алғашқы зерттеу жұмыстары былтыр Қаратау ауданына қарасты қалаға енді қосылған елдімекендердің тұрғындарына жүргізуден басталды. Бұл пилоттық жоба аясында тұрмыс жағдайы төмен және ауыр-мінез құлықты балаларды бақылауда ұстадық. Назарымыз ауған жастардың көбінің отбасындағы жағдай балаларға кері әсерін тигізіп, психологиялық тұрғыдан келеңсіз жағдайларға алып келетініне көз жеткіздік. Ондай жанұялардың көбінде әкесі ішімдікке салынған немесе бұрын сотты болғаны анықталды. Міне, бірінші «тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей, отбасылардың әлеуметтік жағдайын зерттеуден бастадық. Ал биыл өңірдегі барлық білім беру ұйымдарындағы психологтармен кездесіп, мектептерді араладық. Мұнда біз жан басына шаққанда психолог мамандарға балалар санының артық келетінін, олардың арнайы бөлмелері мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілмегеніне көз жеткіздік. Біліктілігіне тоқталсақ, кейбір мұғалімдер сырттай оқыған болып шықты. Бұл мәселені шешуде бүгінгі заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарын өткізуді қолға алдық,-дейді Береке Талғатұлы.
Өңірдегі 500-ге жуық мұғалім «Energy» республикалық педагогикалық-психологиялық дамыту мен «ReFrame» тұлғалық дамыту орталықтары өткізген бес күндік біліктілігін арттыру курсына қатысқан. Ал оқыту бағдарламасын Алматы қаласының «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры, ҚМҚПУ-нің «Теориялық және практикалық психология» кафедрасының профессоры, PhD докторы – Күлмаш Елшібаева, тәжірбиелі психолог Айнұр Батырбекова, Гульмира Шалғынбаева мен Гулжан Вероцкая жүргізуде.
- Біздің болжам бойынша осы курстың нәтижесі арқылы өңірдегі суицид пен зорлық-зомбылық дерегін екі есеге төмендетуге немесе ең төменгі көрсеткіште ұстауға бағытталған. Оқыту бағдарламасы бойынша қатысушы педагог-психологтар «Психология ғылымының бағыттары. Психодиагностика. Жеке консультация жүргізу тәсілі мен методикасы. Баланы жан жақты зерттеу. Қазақстандық баланың типологиясы. Ата аналармен жүргізілетін жұмыс форматы мен әдістері. Калибрлеу. Нейро-ленгвистикалық бағдарламалау. Ыңғайлану. Көзқарас, сөз, эмоциялар, стереотиптер мен ойлау стратегиясы. Түзету. Психикалық дамуға бағытталған әдістерді қолдану» тақырыптарында кеңінен теориялық және практикалық бағытта біліктіліктерін ұштастыра алды. Жоба 5 кезең бойынша жүзеге асуда. Алғашқы кезеңінде зерделеу жұмыстары жүргізілген соң, бағдарламалары мен методикалық әдістері нақтыланды. Оқыту курстары – аталған жобаның үшінші кезеңі. Мамандар ендігі практикалық кезеңге өтеді. Алдағы бір айда мұғалімдер алған білімдерін тәжірибе жүзінде тексереді. Оның нәтижесі облыс көлемінде алғаш рет ұйымдастырылатын барлық қатысушыларға арналған форумда, яғни жобаның соңғы кезеңінде талқыланады. Мұғалімдерге күнделікті жұмыстарына пайдаланатын бейнероликтер мен өзіміз құрастырған арнайы нұсқаулық құралдар берілді,-дейді Гүлжан Ералықызы.
Сала мамандарының сөзінше, аталған жоба аясында елді дүрліктірген оқиғаның бірі зорлық-зомбылық та назардан тыс қалмайды. Бұл ретте психологтар мектептегі тәртібі нашар сынып оқушыларын жеке қадағалауға алып, оқу жылында бақылауда ұстайтынын айтты. Осылайша мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының мамандары бірге өңірдегі жастар суициді мәселесін шешуге біркісідей кірісуде. Ал бұл жоба оң нәтижесін беріп жатса, келешекте психолог-мамандарын жыл сайын біліктілігін осындай оқутыдан өткіземіз, дейді жастар ресурстық орталығының мамандары.