Шымкентте үшем дүниеге келді Избранное

Пятница, 12 Октябрь 2018 04:52 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 3593 раз

Шымкенттегі Түркістан облыстық №1 перинаталды орталықта үшем дүниеге келді. Бұл – осы орталықта дәрігерлердің көмегімен дүниеге есігін ашқан екінші үшем.

DSC 7402

Сарыағаш ауданының тұрғыны Ұлжалғас Бақтыбаева осыған дейін 5 баланың анасы болса, енді Айберік, Байсерік және Гүлсім дүние есігін ашып, ата-анасына қуаныш сыйлап отыр.
– Сәбилер мерзімінен бұрын туылғанымен, қазір денсаулықтары жақсы. Үшемнің әрқайсысының салмағы – 2700-2800 грамм. Қазір анасының да, сәбилерінің де денсаулығы бірқалыпты, – дейді перинаталды орталықтың бөлім меңгерушісі Гүлнара Нұрмұхамедова.
Сегіз баланың анасы ауылда балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейді. 32 жастағы ана үшемді ота арқылы босанған.
– Ауруханаға түскенде қан қысымым көтеріліп, дәрігерлердің көмегінің арқасында тұрақталды, балаларымды аман-сау дүниеге әкелдім. Бір жетінің ішінде аяққа тұрып, қазір денсаулығымыз жақсы. Орталықтың дәрігерлеріне алғысымды білдіргім келеді, - деді үшемнің анасы.
Перинаталды орталықтың дәрігерлері апта басында Айберік, Байсерік және Гүлсім мен анасын үйіне шығарып салды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.