200 ОРЫНДЫ ГОСПИТАЛЬ САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА Избранное

Пятница, 03 Апрель 2020 06:18 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 279 раз

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласына кіретін жолдарға 18 блок-бекет қойылған. Онда 18 жедел медициналық жәрдем бригадасы, бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарынан 45 орта медициналық қызметкер (фельдшерлер, медбикелер) 3 кезекте жұмыс істеуде. Блок-бекеттердегі медициналық пункттер 52 байланыссыз термометрмен, обаға қарсы 71 костюм жиынтығымен жабдықталған.
Шымкент қаласы бойынша қажет төсек-орындар, госпитальдар толық дайын. Нақтырақ айтқанда, қалада барлығы 680 төсек-орынға арналған провизорлық стационарлар бар (қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы – 180 төсек, «Мейірім» оңалту орталығы - 120 төсек, «Атамекен» медициналық орталығы - 380 төсек).
1456 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар қарастырылған. Сондай-ақ, бүгінгі күні 200 төсек-орынды жедел салынатын инфекциялық госпиталь салу мәселесі қарастырылуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.