Менің Туым – менің мәртебем Избранное

Среда, 03 Июнь 2020 04:56 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 328 раз

Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?

61

 

 ЕЛТАҢБА

62

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы қазақ киіз үйінің символдық негізі бейнесінде қабылданды. Мемлекеттік  Елтаңба негізі қиық конус пішіні бар. Киіз үй құрылымының негізгі төмендегі элементтерден тұрады: «Шаңырақ» - киіз үйдің біріктіретін бөлігі, «Кереге»- киіз үйдің салмақ түсетін қоршайтын бөлігі, «Босаға»- табалдырық. Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде, қима конустың бүйірлік бетінде «бес бұрышты жұлдыз» орналасқан. «Шаңырақ» - Мемлекеттік Елтаңбаның орталық осіне қатысты ығысуымен киіз үйдің орталық бөлігіне орналасқан. «Кереге» - «шаңырақ» негізіне симметриялық орналасқан. «Уық» - «Шаңырақтың» орталық бөлігінен күн сәулесі түрінде «желбау» элементімен орналаса отырып, екеуінің бірінде бейнеленбеген олардың арасында 5о бұрышы бар саны 72 дана «уық» тарайды. «Босаға» - бұл киіз үйдің алдыңғы шығу бөлігі. Мемлекеттік Елтаңбада шығыңқы элементтері бар төменгі бөлікке орналасқан. «QAZAQSTAN» сөзі «босаға» орталық бөлігінде орналасқан. «Тұлпарлар» (Аңыздағы қанатты тұлпарлар) – «шаңырақ» элементінің екі жағынан симметриялы орналасқан. «Арқар мүйізі» - «Қазақстан» сөзінің екі жағынан композициялық орналасқан. Мемлекеттік Елтаңбаның «Үлкен буын», «Үлкен масақ», «Ортаншы буын», «Ортаншы масақ», «Кіші буын», «Кіші масақ» элементтері «Тұлпарлар» (Аңыздағы қанатты тұлпарлар) элементтер тұтас композицияны құрайды. «Желбау», «Желбаудың шашағы», «шаңырақ» элементіне «Желбаудың сақинасы» арқылы жанасады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы ҚР СТ 989-2014 стандартына сай жасалады.

ТУ

63

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлар мен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2. ҚР Мемлекеттік Туы ҚР СТ 988-2007 мемлекеттік стандартына сай жасалады.
Ежелгi түркi тiлiнде «көк» сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

ГИМН

64

Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.

РӘМІЗДЕР ЗАҢ ТАЛАБЫНА САЙ ҚОЛДАНЫЛЫП ЖҮР МЕ?

Шымкент қаласында Мемлекеттік Рәміздерді дайындаумен айналысуға лицензиясы бар 4 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.
Ағымдағы жылы Рәміздерді дайындауға лицензия алу үшін «Спектр жарнамалық компаниясы» ЖШС-нен ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар» туралы Заңына сәйкес қорытынды алу үшін өтінімі келіп түскен. Өтінімге сәйкес, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке барып, профилактикалық бақылау жүргізу барысында меншігіндегі өлшем құралының Мемлекеттік Тізімге енбегені мәлім болды. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тарапынан тиісті қорытынды жасалды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы Ішкі саясат және Дін істері басқармасымен бірлесіп, келісілген жұмыс жоспарына сәйкес, Шымкент қаласында орналасқан мемлекеттік мекемелерде ҚР Мемлекеттік Рәміздерін Заң талаптарына сәйкес қолданылуына және стандартқа сай екендігіне мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Соның барысында қалада орналасқан бірнеше мемлекеттік мекемелерде ҚР Мемлекеттік рәміздері стандартқа сай емес екендігі белгілі болды. Яғни ҚР СТ 2007-929 стандартына сай Мемлекеттік Елтаңба осы күнге дейін қолданылуда. Мемлекеттік Ту ластанған, жыртылған және айшықтары жоғы анықталды (Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты ғимараты, қалалық Білім басқармасының Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесі, т.б.). Нәтижесінде мекеме басшыларына кемшіліктер ескертіліп, олар тез арада талаптарға сәйкестендірілді.

Е. ЖАНТАЙ,
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті Шымкент қаласы бойынша
департаментінің мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы-жетекші маман

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.