ЖОЛДАУДАҒЫ БАСТАМАЛАР – ШЫМКЕНТ ДАМУЫНЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ Избранное

Среда, 09 Ноябрь 2022 05:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1098 раз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары елімізде түпкілікті өзгерістер жасау, саяси, құықтық және экономикалық жүйені жаңарту арқылы ұлттық модернизацияны жүзеге асыру бағытында еңбектеніп келеді. Мемлекет басшысы биылғы наурыз айындағы Жолдауында саяси реформаларға басымдық берген болатын. Сонда айтылған бастамаларды жүзеге асыру үшін маусымда конституциялық реформа жүзеге асырылғаны баршаға мәлім. Ал қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдау негізінен экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналды. Демек, бұл Жолдауды жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы жүйелі жұмыстардың жалғасы ретінде бағалауға болады. Ол отандық экономикадағы ең өзекті мәселелерді қамтып, стратегиялық мақсаттар мен қысқа және орта мерзімді перспективадағы міндеттерді айқындап беріп отыр.

684

 

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында айтылған жаңа экономикалық саясаттың ең маңызды, басым бағыттарының бірі – шағын және орта бизнесті жүйелі әрі жан-жақты қолдау. Жолдауда бизнеске мемлекеттік қолдау көрсетуді жетілдіру, осы саладағы заңнамалық құжаттарды ретке келтіру, кәсіпкерлікті несиелендіру ресурстарының тапшылығын жою секілді мәселелер қозғалды.
Президенттің бұл тапсырмаларының орындалуының халыққа қандай пайдасы тиетініне тоқталып өтсек, біріншіден, өзгерістердің нәтижесінде бизнес пен оған мемлекеттік қолдау көрсету саласындағы заңнама қарапайым, көпшілікке түсінікті етіп қайта жазылады. Бұл бизнесмендердің өз құқығын қорғауына, мемлекеттік қолдауды шараларын мейлінше тиімді пайдалануына жол ашады. Екіншіден, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін автоматты түрде анықтайтын жүйе іске қосылады. Қолдау инвестиция көлемі мен жалақы қорын арттырған компанияларға бірінші кезекте көрсетіледі. Бұл – барлық азаматтарға теңдей мүмкіндіктер ұсыну арқылы әділ бәсекелестік ортаны қалыптастыратын қадам. Үшіншіден, ендігі жерде бизнесті несиелендіруге екінші деңгейлі банктер де атсалысады. Ұлттық банктің дерегі бойынша, Қазақстан азаматтарының екінші деңгейлі банктердегі депозиттерінде 23 триллион теңгеден астам қаржы бар. Ал бұл банктердің несиелік портфелі 7 триллион теңгені құрайды. Оның басым бөлігі – тұтынушылық несиелер. Демек, екінші деңгейлі банктер бизнесті несиелендіруге құлықсыздық танытып отыр.
Президенттің Үкімет пен Ұлттық банкке берген тапсырмасы орындалған кезде жағдай түбегейлі өзгеруі тиіс. Нәтижесінде бизнес өкілдері тек мемлекет пен шағын несие ұйымдарынан ғана емес, екінші деңгейлі банктерден де арзан әрі қолжетімді несиелер ала алады.
Бұл Шымкент қаласында тіркелген 100 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісінің айналым қаражатын көбейтуіне, өндірістік қуаттарды арттыруына және жаңа жобаларды жүзеге асырып, дамуына жол ашады.

685


Жалпы, Президенттің осы бастамаларының аясында алдағы 5 жылда Шымкент қаласының экономикасына 6 триллион теңге инвестиция тарту көзделуде. Жергілікті биліктің осынау ауқымды міндетті орындау бойынша нақты жоспары бар.
Биылғы Жолдаудың өзегі Президент ұсынған жаңа экономикалық саясат десек, бұл саясат елімізде әділетті, ашық және икемді бюджет-салық жүйесін қалыптастыруымен құнды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы 2023 жылы жаңа Салық кодексін қабылдауды тапсырды. Ол дифференциалды салық жүйесіне көшуге, салықтық ынталандыру шараларын жетілдіруге, арнайы салық режимдерін жеңілдетуге және «сән-салтанатқа салық» салуға жол ашады.
Бұл бастама отандық өнеркәсіп пен бизнестің өркендеуіне, оның заң аясында жұмыс істеуіне қалай ықпал ететінін саралап көрсек. Біріншіден, азаматтардың өз кәсібін бастауы мен бизнес жүргізу жүгін жеңілдетеді. Сол арқылы жаңа жұмыс орындары көбейе түседі. Қазірдің өзінде Шымкент қаласында шағын орта бизнес саласында 180 мың адам еңбек етеді. Елімізде бизнес жүргізудің жеңілдеуі жұмыссыздықтың азаюына әсер ететіні сөзсіз.
Екіншіден, салық жүйесінің ашық әрі түсінікті болуы салықтан жалтаруға құмарлықтың төмендеуіне, көлеңкелі экономиканың үлесінің азаюына жол ашады. Негізінде ешкімнің салықтан жалтарып, заңды бұзып, қылмыскер атанғысы келмейді. Азаматтар мен бизнесті мұндай заңсыз қадамға салық жүктемесінің ауырлығы, бюрократиялық кедергілер мен коррупция итермелейді. Егер осы мәселелер жүйелі түрде шешімін тапса, салықты уақтылы әрі толық төлеп, өз қызметін заңды, адал жолмен жүргізу кімге де болсын тиімді.
Үшіншіден, салық түсімдері көбейсе, бюджеттің мүмкіндіктері кеңейеді. Мәселен, Шымкент қаласы бюджетінің жергілікті түсімдері 2018 жылы 83 миллиард теңге болса, биыл 251 миллиардқа жетіп отыр. Қазынада қосымша қаржының пайда болуы қаланың инфақұрылымын дамытуға және көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне мүмкіндік берді. Демек, салық жүйесі дамып, түсімдер артқан сайын әлеуметтік мәселелер де сапалы түрде шешіле береді.
Төртіншіден, «сән-салтанатқа салық» салу – қоғамда бұрыннан айтылып жүрген мәселе. Президент бұл салықтың орта тапқа қатысы жоқ екенін айтты. Ал аса көп табыс табатын адамдардың көбірек салық төлеп, ел дамуына үлес қосуы әлеуметтік әділеттіліктің көрінісі болмақ. Ең бастысы, өркениетті елдерге тән салық мәдениетінің қалыптасуы мемлекет пен азамат арасындағы өзара сенімді нығайтып, тыныштық пен тұрақтылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
Биылғы Жолдауда айқындалған мақсат-міндеттердің маңызды бір тобы – экономиканың нақты секторын дамытуға бағдарланған. Мемлекет басшысы арнайы экономикалық аймақтарды дамыту, ондағы салықтық жеңілдіктер мен мемлекеттік қолдау шараларын сараланған түрде ұсыну, экономиканың нақты секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру туралы сөз қозғады.
Ал бұл міндеттердің орындалуы қарапайым азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға қалай әсер етпек? Халық бұл жұмыстың нақты нәтижесін қалай сезіне алады?
Біріншіден, бүгінде Шымкентте 5 өндірістік аймақ жұмыс істеп тұр. Ондағы кәсіпорындарда 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Индустриалды аймақтардың дамуының нәтижесінде биыл қаладағы өнеркәсіп өнімінің мөлшері 850 миллиард теңгеге жетеді деп күтілуде. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға жоғары.
Бүгінде қаладағы 5 өндірістік аймақ та толып қалған, онда жаңа кәсіпорындар ашатын жер жоқ. Сол себепті Президент Жолдауын жүзеге асыру мақсатында әкімдік тарапынан жаңадан «Жұлдыз», «Бозарық» және «Стандарт» жеке индустриалды аймақтарының инженерлік-инфрақұрылымы жүргізілуде. Онда 111 жоба жүзеге асып, тағы да 10 мың жұмыс орны ашылады.
Яғни, нақты секторды дамыту халықты жұмыспен қамту мәселесін жүйелі түрде шешеді.
Екіншіден, Жолдау жүктеген міндеттерді орындау аясында Шымкенттің экономикасына алдағы 5 жылда 6 триллион теңге инвестиция тартылатынын жоғарыда айтып өттік. Инвестиция – игіліктің бастауы. Соның айғағы ретінде Шымкентте тек құрылыс саласына тартылған инвестициялардың нәтижесінде жыл сайын 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп жатқанын айтуға болады.
Жалпы, Шымкент қаласының республикалық мәртебеге ие болуы инвестициялық белсенділіктің артуына септігін тигізген. Соңғы 5 жылдың ішінде 1,8 триллион теңге айналымға енді. Биылғы 9 айда Шымкентке 327,9 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға жоғары. Жыл соңына дейін инвестиция көлемі 600 миллиард теңгеге жетеді деп күтілуде.
Үшіншіден, нақты сектордың дамуы ұлттық экономиканың экспорттық әлеуетін арттырады. Шымкенттегі 60 белсенді экспортер-кәсіпорын өткен жылы 15 шет мемлекетке 573 миллион АҚШ долларының өнімін экспорттаған. Жолдау жүктеген міндеттерді орындау арқылы экспорт география 25 елге дейін, ал өнім көлемі 1,5 есе артады. Мұндай экономикалық өсім халықтың табысының артуы мен әл-ауқаттының жақсаруына әсер ететіні сөзсіз.
Бүгінде қаланың жалпы өңірлік ішкі өнімінің 40 пайызын – кәсіпкерлік, 23 пайызын – өнеркәсіп, 25 пайызын – сауда мен қызмет көрсету және 4 пайызын құрылыс саласы құрайды. Елімізде жеңіл өнеркәсіп саласында өндірілетін тауарлардың 23,1 пайызы Шымкентте жасалады. Бұл көрсеткіш жылдан жылға ұлғаюда. Мәселен, Шымкентте биыл жылдың 8 айында жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 22 миллиард 401 миллион теңге болды. Өткен 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4 миллиард 342 миллион теңгеге артқан.
Шымкенттен шығатын өнімнің 3,8 пайызын жеңіл өнеркәсіп саласы құрайды. Мегаполисте, әсіресе, тоқыма бұйымдары кең өріс алған. Нақтысын айтсақ, республикада өндірілетін мақта-мата өнімдерінің 98 пайызы, шұлықтың 68 пайызы, ал кілемнің 100 пайызы Шымкенттен шығады. Осылайша Шымшаһар отандық текстиль өндірісінің ірі орталықтарының біріне айналды.
Мемлекет басшысы Жолдауда отандық экономиканың шикізатқа тәуелділігі, еңбек өнімділігінің төмендігі және инновацияның жеткіліксіздігі секілді аса күрделі проблемаларымен таныс екенін атап өтті. Бұл мәселелерді шешу үшін макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландырудың жүзеге асатынын атап өтті. Әрине, экономикадағы жүзеге асырылатын осынау реформалардың түпкі мақсаты халықтың табысы мен әл-ауқатын арттырып, азаматтардың өмір сапасын жақсарту екені талассыз.