Көкбұлақтың мәдениет үйі жаңарады Избранное

Среда, 09 Ноябрь 2022 05:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 735 раз

Шымкент қаласында мәдениет мекемелерін қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Абай ауданындағы Көкбұлақ елді мекенінің тұрғындары мәдениет үйінің тозығы жеткенін, оны қайта жаңғырту мәселесін көтерген болатын. Қала әкімі аудан тұрғындарымен кездесуде мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша зерделеуді тапсырған еді.

699

 

1988 жылы салынған ғимарат 2012 жылы ағымдағы жөндеуден өткен. Жалпы алаңы – 212,1 шаршы метр. 2017 жылы «Оңтүстік Аймақ Сараптама» ЖШС сараптамасының қорытындысымен
ғимарат жарамсыз деп танылған.
Таяуда тозығы жеткен ғимаратты бұзу және қайта салу үшін ЖСҚ дайындауға қаржы қаралды. Мердігер «Диас-проект» ЖШС ЖСҚ құжаттарын әзірлеуде. Құрылыс жұмысы 2023 жылға жоспарланып отыр. Жалпы шаһарда әлеуметтік нысандарды жаңғырту, қайта құру жұмыстары
кезең-кезең бойынша атқарылып келеді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.