Қазіргі уақытта электр тарату бекеттері мен трансформаторларға электр қуаты берілді.
Ендігі кезекте, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады. Құрылыс барысында 18 электр трансформаторы, қуаттылығы 10 кВ 1 электр тарату бекеті орнатылды. Сонымен қатар, 28,5 шақырым 10 кВ-тық және 52,2 шақырым 0,4 кВ-тық электр желісі тартылды.