КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРЫНДАР САТЫЛМАЙДЫ Избранное

Среда, 07 Декабрь 2022 05:35 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1475 раз

Соңғы күндері БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде қалалық коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендіру мәселесіне қатысты ақпараттар көбейді. Осыған байланысты Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаев баяндама жасады.

62

 

– Қаламыздағы жекешелендіру жоспарына енген 3 коммуналдық меншіктегі кәсіпорын, яғни «Су құбыры және кәріз басқармасы» МКК, «Қуатжылу-орталық-3» МКК, «Шымкент Сушар» МКК-лары тізімнен алынды. Өйткені мұның соңы тарифтің көтеріліп, қызмет сапасының нашарлауына алып келуі мүмкін. Осыған байланысты жергілікті атқарушы билік өкілдері аталған үш кәсіпорынды жекеменшікке өткізбеу туралы жауапты министрлікке 14 рет хат жолдаған. Сонымен қатар, мемлекеттік комиссияның бірнеше отырысында 3 кәсіпорынды жоспардан алып тастау мәселесі көтеріліп, 2022 жылғы 1 тамыздағы отырысында оңды шешім қабылданды, – дейді Руслан Бақытбекұлы.
Осы тектес жағдай тек Шымкент қаласында ғана емес, бүкіл республикада орын алған. Республика бойынша жергілікті атқарушы органдарға қарасты халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін 192 ұйым жекешелендірудің кешенді жоспарынан алынды.

С.ТҰРҒАНТАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.