МҮМКІНДІКТІ ПАЙДАЛАН Избранное

Среда, 07 Декабрь 2022 05:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 754 раз

Шымкент қаласында 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы бойынша кезекті құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 01-05 желтоқсан аралығында жүргізілді. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева хабарлады.

63

 

–Елімізде баспана мәселесі өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе жастарды баспанамен қамту үкімет назарында. Жалпы жыл соңына дейін Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейін жұмыс істейтін жастар бағдарламасымен 857 азаматты жалдамалы пәтермен қамту жоспарланған. Алғашқы кезең бойынша 211, екінші кезеңде 286 азамат тұрғын үймен қамтылды. Қазіргі таңда келесі кезең құжаттарын қабылдау басталды, – дейді басқарма басшысы.
Бағдарламаға қатысуға өтінім берушінің соңғы екі жылда республика аумағында иелігінде тұрғын үй тіркелмеуі тиіс. Шымкент қаласында соңғы екі жылда тұрақты тіркеуде болуы, сонымен қатар соңғы алты айдағы табысы 40 АЕК (122 520 теңгеден) асуы шарт.
Бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында ЭЦҚ арқылы өтініш беріп, сұрақтарына да жауап ала алады. Бұл баспананы берудегі басты мақсат — жұмыс істейтін жастарға жеке баспана алуға қаражат үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, жастарды қолдау. Жастар бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерді жастар 5 жылға дейін жалдап тұра алады.

С. ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.