Қолайлы жағдай үшін шұғыл әрекет Избранное

Среда, 11 Январь 2023 06:09 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 905 раз

Шымкентте тәулік бойы тоқтаусыз жауып жатқан қар тұрғындарды едәуір әбігерге салды. Қаланы қардан тазарту жұмыстарына коммуналдық қызмет саласы қызу кірісіп кетті. Барлық аудандар өздеріне қарасты аумақтарды тазарту бойынша жұмыстар атқаруда. Қаланы қардан тазалау бойынша атқарылатын жұмыс қала, аудан әкімдіктерінің бақылауына алынып, күн тәртібінде тұр.

614

 

Каратау ауданына қарасты 90 көшедегі қардан тазалау жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылды. Оның ішінде: Камаз ПР – 15 дана КАМАЗ ПРП, 2 трактор-82,1,2 трактор 320, 3 Газ-Саз, 3 Камаз самосвал, 5 Газ 53, 1 дана жүк тиегіш техникалары бар.
Сонымен қатар қазіргі уақытта аудан аумағындағы көшелерге, жол жиектеріне 200 тонна тұз, 1100 текше метр құм себілді. Осы бағыттағы қардан тазалау жұмыстарын 330 қызметкер атқарды. Қарлы ауа райына байланысты бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

Тұран ауданына қарасты магистралды 96 көшені қардан тазалау жұмыстарын 4 бригадаға бөлінген жұмысшылар қолға алды. Көшелерді, жаяу жүргіншілер жолын, аялдамаларды тазалауға 126 жұмысшы жұмылдырылды.
Ал 4 дана 12 КДМ, 3 МТЗ 80 кіші трактор қар күреу жұмыстарын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, ішкі орам көшелері мен көпқабатты үй аумақтарын қардан тазарту үшін 8 бригада 152 жұмысшы жұмылдырылған. Қазіргі таңға дейін аудан көлемінде тайғаққа қарсы 447 текше метр инертті материал себілді.
Жағдай әкімдік және мердігер мекеме қызметкерлері тарапынан бақылауға алынып отыр.

***
Еңбекші ауданына қарасты 83 көшені қардан тазарту жұмыстарына 24 арнайы техника жұмылдырылып, 253 жұмысшы қар күреу жұмыстарына бекітілген. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл жұмыстар 9 қаңтар күні түстен кейін басталды. Бірінші кезекте автокөлік жолдары мен әлеуметтік мекемелердің аяқжолдары қардан тазаланды. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауына алынып, қадағалануда.

611


Қардан тазалау жұмыстарына атап айтқанда: 14 дана Камаз ПР, 1 дана трактор 82,1 , 1 дана трактор 320, 1 дана Газ-Саз, 1дана самосвал, 55 дана Газ 53, 1 дана жүк тиегіш техникалары жұмылдырылды. Ағымдағы жұмыстарға аудан әкімі аппараты тарапынан кезекшілік ұйымдастырылған.

***
Абай ауданы аумағында орталық 80 көшедегі қарды күреп, тазарту жұмыстарын 25 арнайы техника атқарып жатыр. Атап айтқанда, 14 дана Камаз ПР, 3 дана трактор 82,1 , 2 дана трактор 320, 2 дана Газ-Саз, 1дана самосвал, 2 дана Газ 53, 2 дана жүк тиегіш техникалары қолданылды.
Қар 9 қаңтардан бері толассыз жауып жатыр. Осы себепті, орталық көшелердегі қар тазалау жұмыстарын «Build stroi» ЖШС жұмысшылары жедел қолға алып, тәулік бойына атқаруда. Орталық көшелер, аяқжолдар мен аялдамаларды тазалауға 175 адам жұмылдырылып, жұмыстар 4 бағыт бойынша атқарылуда.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан тазалық мекемесінің жұмысшылары барынша үлгеруде.

***

Әл-Фараби ауданында басты және ішкі орамдық көшелерде қар күреу жұмыстары 5 бағыт бойынша тоқтаусыз жүргізілуде. Ауданда көшелер мен аяқжолдарды механикалық тазалау жұмыстарына 42 арнайы техника, камаз ПР – 14 дана, трактор 82,1 – 11 дана, трактор 320 – 2 дана, камаз сельхоз – 2 дана, Газ 53 – 12 дана, погрузчик – 1 дана, және жалпы саны 185 жұмысшы күші жұмылдырылды.
Қазіргі таңда аудан көлемінде тайғаққа қарсы себілетін инертті заттар қоры жеткілікті.

Раушан ҚОНАРБЕКҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.