ӘР АУДАННАН 5 БРИГАДА ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ Избранное

Среда, 15 Февраль 2023 04:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1224 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы жиын өткізіп, жауын-шашын салдарынан шұңқырлар пайда болған жолдарды қайта қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырма берді. Бүгінде ойылған жолдарды жамау үшін әр ауданға 5 бригададан бөлініп отыр.

1031

 

– Асфальт зауыты қайта іске қосылғанға дейін уақытша жамау жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс. Кәсіпорын ашылған соң орталық және ішкі орам көшелердегі ойықтарды асфальттауға кірісіңіздер. Жолдарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын наурыз айының соңына дейін толық аяқтаңыздар - деді қала әкімі.
Қала әкімі жауаптыларға Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып, қала көшелерінде ауыр жүк көліктерінің козғалысына тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды. Мұрат Дүйсенбекұлы жолдағы көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау үшін, ең алдымен, жол құрылысының сапасын қадағалау қажеттігін ескертті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.