ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРГЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ БАР Избранное

Пятница, 03 Март 2023 04:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 890 раз

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығында 70 бала тәрбиеленіп отыр. Іргетасы 1957 жылы қаланған ұйымда тәрбиеленушілердің жан-жақты сапалы білім мен тәрбие алуына жағдай жасалған.

91

 

Мекеменің материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталған. Онда компьютерлік, лингафонды-мультимедиялық кабинеттер, жатын және ойын бөлмелері, 200 орындық асхана, дене шынықтыру залы мен арнайы медициналық блок бар.
«Тәрбиеленушілердің жан-жақты дамып, қолайлы ортада өмір сүруін қамтамасыз ету үшін отбасылық үлгіде тәрбие беру мен дербес өмірге дайындау әдістемесі қолданылады», – дейді мамандар. Балаларды ән-биге, қолөнерге, аспаздыққа, тігін тігуге бейімдейтін үйірмелер мен түрлі спорттық секциялар, клубтар осыған дәлел. Мұнда қазір «Жас информатик» клубы жұмыс істейді. Балалар шығармашылық клубта ІТ саласының қыр-сырын меңгереді.
Тәрбиленушілерді болашақта тұрғын үймен қамту мәселесі де басты назарға алынған. Қазірдің өзінде асыраушысынан айрылуына байланысты төленетін мемлекеттік жәрдемақыдан бөлек, «Отбасы Банкінен» 70 тәрбиеленушіге жеке есеп шот ашылған.
Айта кетейік, 2019 жылдан бері Шымкент қаласы соттарының судьялары әр 3 айдың бір күндік еңбекақысын тәрбиеленушілердің жеке есеп шоттарына аударып келеді.


Салтанат ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.