13 наурыз – «Қошқар ата сейілі» мерекелік іс-шара. Жаңа музыкалық Open Air қойылымы және 500 ақ кимешек киген аналар хоры. Өтетін орын: Қошқар ата өзенінің бастауында.
14 наурыз – «Көрісу күні». Этнофольклорлық концерт, ТІК-ТОК көрісу жастар челленджі. Өтетін орын: Этноауыл, Астана алаңы, Арбат, Кең баба саябағы, Ордабасы алаңы, Абай саябағы, Шәмші аллеясы, мәдениет білім қызметкерлерінің көрісуі.
15 наурыз – «Жайлау күні». Интерактивті іс-шаралар (гүлдер жәрмеңкесі, «Мерейлі отбасы» конкурсы) Өтетін орын: Арбат демалыс аймағы, этноауыл.
16 наурыз – «Шежіре күні». Театрландырылған шеру: қыз ұзату көші, шығыс ғұламалары, Домалақ ана, Абылайхан т.б.
17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні». Open Air Cinema тарихи фильмдер мен мультфильмдер көрсетіледі. Өтетін орын: Абай паркі, Мұз сарайы, Арбат, «Шымқала» кешені.
18 наурыз – «Игі істер күні» жалпы қалалық сенбілік.
19 наурыз – «Зияткерлік күні» интерактивті іс-шаралар (BOOKCROSSING кітаптар жәрмеңкесі мен көрмесі, қуыршақтар шеруі Өтетін орны: Пушкин атындағы кітапхана сквері, Абай паркі.
20 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні» Шымкент қаласының 5 аудан аумағында Made in Shymkent азық-түлік жәрмеңкеcі, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтеді. Өтетін орын: 5 аудан аумағы, Арбат демалыс аймағында.
21-22 наурыз – ДӘМДӘС TOUR II фестивалі. Өтетін орын: Әл-Фараби алаңы.
22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні» BIG QAZAQ GAMES (ұлттық өнер, ұлттық киім, ұлттық тағам, ұлттық ойындар фестивалі) Өтетін орын: ипподром.
23 наурыз – «Жоралғы күні» (Әдет-ғұрып салт-дәстүр орталығының театрландырылған қойылымы). Өтетін орын: Этноауыл.