ХАЛЫҚ ҚАЖЕТТІЛІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА Избранное

Среда, 05 Июль 2023 05:18 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 601 раз

Апта ішінде қала әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар нысандардың құрылысын аралап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

411

 

Бүгінде еліміз бойынша жылу жүйелерін қысқы маусымға дайындау жұмыстары пысықталуда. Қала әкімі дайындық жұмыстарын тағы бағамдап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысып шықты. Жалпы қала аумағында орналасқан жылу жүйесінде 17 сорғы станциясы және 23 қазандық бар. Бүгінде соның жетеуі қысқы маусымға дайын. Қалған он сорғы станциясында дайындық жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар, қаладағы тозған жылу құбырларын жаңартуға да үлкен мән беріліп отыр. Атап айтқанда, 2023 жылы 6 185 метр жылу құбырын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған.
Шаһар басшысы ауыз су құбырлары тартылып жатқан Сайрам тұрғын алабына барды. Мұнда жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Мұрат Дүйсенбекұлы атқарылған жұмыстарға шолу жасап, құрылыс кезеңдерін де сапалы орындауды тапсырды.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Ал Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері ауыз суды бекітілген кестемен тұтынып отыр. Сондықтан Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен толыққанды қамту мақсатында қазір 6 нысанда су құбырын тарту жұмыстары іске асып жатыр. Олар Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағындағы құбырлар.
Соның ішінде Шымкент қаласының Сайрам тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 кезеңнен тұратын жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген, Атап айтқанда, жобалаушы мекеме «Батыс Алға LTD» ЖШС тарапынан 1 және 2 кезеңнің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Бүгінде мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қалған 3-кезеңге жобалаушы мекеме «Redline Pro» ЖШС-і тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы да әзірленген.
Құрылыс жұмыстары жыл соңында аяқталып, пайдалануға беріледі. Сондай-ақ 2023 жылдың соңына дейін 6 нысанның да құрылыс бітсе, 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.

410
Бұдан кейін қала әкімі «Көксу», «Чумчак», «Сай ниже водопада» су арналарында жүріп жатқан құрылыс басына барды. Ұзындығы 13, 5 шақырым «Көксу» арнасының ішіне 210 метрлік бетондалған трапеция, 3,3 шақырым Г тәрізді блок, 10 лоток орнатылады. Сондай-ақ су жіберу нысандары, көлік өткелдері, жаяу жүргінші өткелдерін жөндеу қарастырылған. Қазіргі уақытта бетондалған трапеция толығымен және Г-тәрізді блоктың 2,5 шақырымы орнатылған.
Ал күрделі жөндеуден өтіп жатқан «Чумчак» су арнасының жалпы ұзындығы – 5,3 шақырым. Жоба бойынша су шығару нысандары мен көлік және жаяу жүргіншілер өткелдерін жөндеу жоспарланған. Қазіргі уақытта мұнда жер қазу, көлік өткелі, бетондау, су шығару нысанын орнату жұмыстары толығымен аяқталып, су жіберу нысандары арқылы жергілікті тұрғындарға су берілуде. Құрылыстың 95 пайызы аяқталған.
«Сай ниже водопада» су арнасының жалпы ұзындығы – 8,2 шақырым, оның ішінде жобада 504 метрлік блок, 10 лотогын ауыстыру қарастырылған. Сондай-ақ, су жіберу және тоспалаушы нысандарда жөндеу енгізілген. Қазіргі таңда лотоктар мен блок орнатылып, таспалаушы нысанды жөндеу аяқталған.
Айта кетейік, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты жалпы ұзындығы 339,1 шақырымды құрайтын 34 канал және 2 өзен бар. Оның ішінде 27 канал ауыл шаруашылығы жерлерін суарады, 7 канал және 2 өзен қала ішінен өтеді. Жалпы қала бойынша 2026 жылға дейін ұзындығы 167,6 шақырымды құрайтын 21 каналға күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізіледі.

«ШК-ақпарат»

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.