ЖАҢА ҒИМАРАТТЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ Избранное

Среда, 05 Июль 2023 05:19 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 716 раз

Тұран шағынауданында Оқушылар сарайының құрылысы қарқын алды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс алаңында болып, жұмыс қарқынын қадағалады.

412

 

Заманауи ғимаратта оқушылардың сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени бағытта дамуына барлық жағдай жасалады. 3 блоктан тұратын 3 қабатты ғимараттың жалпы сыйымдылығы 500 орындық. Жобада 35 орынға арналған асхана, 80 көлікке арналған автотұрағы қарастырылған.
Құрылысы мамыр айында басталған ғимарат жоспарға сай келесі жылы пайдалануға беріледі. Құрылыс жұмыстарына әзірге 50 адам 4 техника жұмылдырылып отыр. Осыған дейін мұнда жер қазылып, іргетасының жартысынан астамы құйылған. Қазір қабырғалар тұрғызылып, бағаналар орнатыла бастады.
М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыстың өндірістік кестеге сай жүргізілуін бақылауға алып, сапасыздыққа жол бермес үшін жұмыс барысында тиісті талаптарды назарға алу қажеттігін ескертті.
Айта кетейік, қалада 2025 жылға дейін тағы 3 оқушылар сарайы мен 8 өнер мектебі салынады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.