5 көше асфальтталады Избранное

Среда, 13 Сентябрь 2023 04:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1037 раз

Қайтпас шағынауданындағы 55 көшенің қазір 50-і асфальтталған, 5-еуіне шағал тас төселген. Биыл осы шағынаудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сондықтан Ер Жәнібек және атауы жоқ №1,2,3,4 көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

322

 

Шағынауданда биыл 6 көше, атап айтқанда Болашақ, Медеу, Ахметбаев, Дайрабеков, Ақбаев, Ақберен көшелері жарықтандырылады. Келесі жылы Көркем, Тұран, Әмірбеков көшелерін жарықтандыру жоспары тұр.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, аталған шағынаудан интернет жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, бұл аумаққа №42, 24,57 бағыттағы қоғамдық көліктер қатынайды.
Жалпы Қайтпас елдімекені 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен қамтылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.