2026 ЖЫЛЫ 48 ШАҚЫРЫМДЫҚ АЙНАЛМА ЖОЛ САЛЫНАДЫ Избранное

Среда, 13 Сентябрь 2023 04:54 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1042 раз

Еліміздің Көлік министрлігінің жоспарына сәйкес, 2026 жылы қаланың оңтүстік-шығысында жалпы ұзындығы 48 шақырымды құрайтын 1-санаттағы айналма жолының құрылысы жүргізіледі. Жол Ташкент қаласы мен Алматы, Қызылорда бағыттарындағы көлік қозғалысын байланыстыратын болады.

321

 Бұл туралы Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында ведомство басшысы М. Қарабаевтың төрағалығымен өткен республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері талқыланған жиында айтылды. Келелі жиынға Шымкент тарапынан жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р.Ибрагимов пен жол саласындағы жауапты мердігер мекемелердің өкілдері қатысты. Басқосуда республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту мәселелері мен құрылыс және жөндеу жұмыстарының жобалары таныстырылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.