ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛҒАН БАРЛЫҚ ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ Избранное

Пятница, 06 Октябрь 2023 04:43 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 542 раз

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің «Көрме» орталығында кезекті бірыңғай қабылдау күні өтті. Әкімнің тікелей қабылдауына 200-ге жуық азамат өтініш білдірді.

264

 

Қала басшысы халықпен ашық байланыс орнату мақсатында барлық тұрғынның мәселесін тыңдап, егжей-тегжейлі жауап берді.
Қабылдау барысында әкім мәселенің бәрі заң шеңберінде шешілетінін айтып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Оған қоса, кезек күттірмейтін мәселелер басты назарында болатынын жеткізді.
Сондай-ақ қабылдауда әкім орынбасарлары, департамент басшылары, аудан әкімдері және басқарма басшылары 400-дей тұрғынның арыз-шағымын тыңдап, тиімді шешу жолдарын түсіндірді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.