ШИПАЖАЙ КЕЗЕГІ АВТОМАТТАНДЫРЫЛДЫ Избранное

Среда, 10 Январь 2024 04:05 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 425 раз

Үшінші мегаполисте зейнеткерлердің шипажайларға кезекке тұруы бойынша жаңа қызмет іске қосылды. Қариялар енді санаторлы-курорттық ем қабылдауға «geo-shym.kz/» порталы арқылы өтініш беріп, кезек ретін онлайн бақылай алады. Өтінім білдіру үшін жеке электронды сандық қолтаңба кілтін пайдаланып, жүйеде тіркелу қажет. Қазіргі таңда кезекте тұрған 22 мыңнан астам азаматтың мәліметі базаға енгізілді.

jipa

 

Зейнет жасындағы азаматтар кезекке тұру үшін бұған дейін қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына арнайы баратын еді. Тізім де басқармада сақталатын. Мәліметке сүйенсек, жыл сайын шипажайларда ем қабылдауға 13 мыңға жуық зейнеткерден өтініш түседі. Былтырдан бастап шипажайларда қызмет алу күндері 6 күннен 10 күнге ұзартылды.
Жалпы, қалада 89 926 зейнеткер тұрады. Оның ішінде 2 Ұлы Отан соғысы ардагері мен 1 950 тыл еңбеккері бар. Зейнет жасындағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуда қалада үш «Белсенді ұзақ өмір орталығы» қызмет көрсетуде. Өткен жылы қарттардың игілігі үшін сыйымдылығы 70 адамды құрайтын «Ізетті зейнеткер» атауымен шипажай ашылды. Демалушылар үшін ғимаратта арнайы электромагнитті терапия бөлмесі, дәрілік шөп тұнбалары ұсынылатын фито бар, сумен емдеу орталықтары – бассейн мен фитобочка (шөп буына булау), кітапхана, мәжіліс залы, заманауи құрылғылармен қамтамасыз етілген ем-шара бөлмелері қарастырылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.