ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА СУБСИДИЯ ТӨЛЕУ БАСТАЛДЫ

Среда, 17 Январь 2024 05:07 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 282 раз

Шымкент қаласы және Түркістан облысында жылыжай шаруашылықтарына субсидия төлеу басталды. Екі өңірге бөлінген қаражаттың жалпы құны 900 млн теңгеден асады. Субсидия алушылардың басым көпшілігі жылыжай шаруашылығымен айналысатын шаруалар.

 

Жылыжайларды мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы министрлігінің «Өсімдік шаруашылығын субсидиялау» ережелеріне толықтырулар енгізілгеннен кейін жүзеге асты. Осыған ұқсас норма құжатқа елімізде жылыжай көкөністер өндірісін қолдау мақсатында 2023 жылы алғаш рет енгізілген болатын. Бюджет қаражатын тиімді жұмсау сондай-ақ, барлық агротехнологиялар сақталатын жылыжайларды қолдау үшін өндіріс технологияларына сәйкестік сертификатының (есебінің) болуы міндеттелді. Ұлттық стандартты ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті АШМ және бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірледі. Жаңа норма 2023 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енді. 2023 жылдың 25 желтоқсанындағы жағдай бойынша 814 жылыжай ұлттық стандартқа сәйкестік сертификатын алды, тағы 825 өтінім қарастырылуда.
Бүгінде жылыжай шаруа қожалықтарының иелеріне субсидия төлеу басталды. Желтоқсан айында жылыжайларда көкөніс дақылдарын егілген болатын. Ал, субсидия мөлшерлемелері ережеге сәйкес көшеттердің өнген көлеміне қарай төленеді (1 шаршы метрге белгіленген көшеттердің кемінде 95%-ы). Түркістан облысында жылыжай фермерлеріне жалпы көлемі 565 млн теңге, Шымкент қаласындағы жылыжайлар үшін 341,9 млн теңге төленбек.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі жылыжай шаруашылығын инвестициялық қолдау шеңберінде жылыжай кешендерін салу және кеңейтуге берілетін субсидия көлемін 25%-дан 30%-ға дейін арттыру туралы өзгерістер енгізді. Бұл норма 2023 жылғы 10 желтоқсанда күшіне енді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.