ШАҺАРҒА 350 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТУРИСТ КЕЛДІ Избранное

Среда, 17 Январь 2024 05:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 382 раз

Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының 2023 жылғы атқарған жұмыстары мен жетістіктері және алдағы жоспарлары бойынша баспасөз брифингі өтті.

briv

 

Басқарма басшысының міндетін атқарушы Азамат Нұрымбетов туризм индустриясының дамуы, креативті индустрия, сыртқы байланыстар бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. 2023 жылдың 9 айының қорытындысында статистикалық есептерге сәйкес, қала аумағына 340 413 турист келген. Аталған көрсеткіш бойынша Шымкент республика көлемінде 4-ші орынды иемденді.
–Өткен жылы қаланың туристік әлеуетін танытуда бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Биыл да бірқатар іс-шаралар, жобалар қолға алынады. Атап айтқанда, 2024 жылы Сайрам тұрғын алабын дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Жоспарғай сәйкес, Қаратау ауданы әкімдігімен бірлесе 2024-2025 жылдар аралығында жылына 80 мыңнан аса зияратшы келетін нысандар – Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін абаттандыру көзделген. Жоспар бойынша биыл да «Damdastour», дипломатиялық корпус, пресс-турлар мен блог турлар, Қазақстан лайв фест көрмесі, «Shymkent Tourism Awards» форумы және тағы басқа іс-шаралар өтеді, – деді Азамат Алматұлы.
Сондай-ақ, басқарма басшысының міндетін атқарушы маркетингтік ілгерілету, креативті индустрияны дамыту бағыттарына тоқталды. 2024 жылы қалаға келетін қонақтарға арналған креативті тақырыптық маршруттар дайындалып, арнайы буклеттер жасалады.
Саланы дамытып отырған кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.