7 сәбиді аман алып қалды Избранное

Среда, 07 Февраль 2024 04:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 355 раз

Қалалық перинаталдық орталықта неонаталды хирургия қызметі қосылды. Енді емдеу орталығының дәрігерлері тумасынан ауыр дертке шалдыққан сәбилерге перзентхана ішінде шұғыл хирургиялық көмек көрсете алады.

doktor

 

Неонаталды хирургия қызметі өз жұмысын бастағалы дәрігерлер жеті сәбиге ота жасап, аман алып қалды.
Перинаталдық орталық ішінде сәбилерге күрделі операция жасау үшін қажетті заманауи техникалар мен құрал-жабдықтар сатып алынды. Сондай-ақ, хирург-неонаталог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог-реаниматолог мамандармен толықты.
Айта кетейік, перинаталдық орталық жүкті әйелдер мен нәрестелерге жоғары деңгейдегі арнайы медициналық көмек көрсететін қаладағы жетекші медициналық ұйым болып есептеледі.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.