ЖОЛАҚЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ Избранное

Пятница, 01 Март 2024 10:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 259 раз

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көліктерде жалақыны көтеруге қатысты қазіргі жағдайларды мұқият зерделеп, қалалық мәслихаттың наурыз сессиясының күн тәртібінен осы мәселені қарастыруды алып тастау туралы шешім қабылдады.

avtobus

 

Қоғамдық көліктерде жолақыны көтеру – өзекті мәселе. Бұл әлі де жан-жақты зерделеуді талап етеді. Тасымалдаушылар тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсарып, жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайларда жолақыны көтеруге болады. Алайда, бұл жағдайда азаматтардың кейбір санаттарына, әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарына жеңілдіктер беру мәселесі қарастырылады.
Өз кезегінде әкімдік тасымалдаушылардың жауапкершілігін күшейтуді, автопарктерді жаңартуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте экологиялық ахуалды жақсарту үшін әлеуетті инвесторлармен электробустар немесе көліктің басқа да баламалы түрлерін енгізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.
Бұл мәселелерді шешу және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау белгілі бір уақытты қажет етеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.