Жеңімпаздармен кездесті Избранное

Пятница, 01 Март 2024 10:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 269 раз

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Астана қаласында робототехникадан өткен «Central Asia FIRST Championship» жеңімпаздарымен кездесті.

spotA

 

23-25 ақпан аралығында өткен чемпионатқа қаламыздан 3 топ қатысқан. «Shymside» командасы Орталық Азия чемпионатының жеңімпазы атанып, АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Ал, «Dreamzzz» командасы «Жоғары кәсіби біліктілігі үшін», «RoboFiksiki» командасы «Үздік командалық дизайн» номинацияларын иеленді.
– Әлемнің 10 елінен үш мыңнан астам оқушы қатысып, Гонконг, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия командаларының арасында жеңіске жетіп, Орталық Азия чемпионы атанғандарыңыз үшін алғыс білдіремін! Сіздердің топ жарып, халықаралық конкурсқа жолдама алғандарыңыздың өзі үлкен жеңіс. АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін білім сайысында Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге еліміздің және қаламыздың намысын қорғап, тағы да жеңіске жетіп, көк туымыз биікте желбірейтініне сенім білдіремін, – деді қала әкімі.
Еркін форматта өткен кездесуде дарынды балалар қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.