КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРГЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ Избранное

Среда, 06 Март 2024 05:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 340 раз

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев ауданның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші мен 2024 жылға арналған жоспар жайлы баяндады.

briff

 

Аудан әкімінің мәлімдеуінше, қалалық тұрғын үй басқармасы тарапынан 20 көпқабатты үйдің қасбеті реттеліп, тағы 22 көпқабатты үйге күрделі жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 7 көпқабатты тұрғын үйдің сыртқы қасбетіне мурал кескінделіп, 16 көпқабатты үйдің қасбеті жарықтандырылмақ.
Былтыр «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аудан тұрғындарының ұсынысымен 24 балалар және 2 спорт алаңшасы орнатылған. Әлеуметтік маңызы бар нысандар орналасқан 14 көшеге жарық жүргізіліпті. Аудан аумағындағы 29 көшеге асфальт төселіп, 5 көшеге ирригациялық арық салынған.
– Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 70 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру, балалар және спорт алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, үш гүлзар салынып, 114 бейнебақылау камерасы, 118 көше мен көпқабатты үйлердің ауласы жарықтандырылмақ, – деді Рашид Мамытұлы.
Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында 234 857 тұрғын бар. Аудандағы 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген.
– Жалпы, аудан қаланың орталығында орналасқандықтан тұрғындар ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100 пайыз қамтылған. Биыл 47 көшені, ал 2025 жылы 20 көшені асфальттау және де 58 ішкі орам көшелері мен көпқабатты тұрғын үй аулаларына аяқ жол салу жоспарлануда. Сонымен қатар, көпқабатты 427 тұрғын үйдің ауласындағы жолдарға жөндеу жүргізіледі, – деді Р.Мыңбаев.
Қала экологиясы үшін маңызды мәселенің бірі – тазалық. Бұл ретте Р.Мыңбаев биыл 12 көшеге ирригациялық жүйе жүргізіліп, 370 дана қоқыс жәшігі мен 680 дана контейнер орнатылатынын, қоқыс алаңшалары жаңартылатынын жеткізді.

Жансая АЙТУҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.