14 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ Избранное

Среда, 06 Март 2024 05:32 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 355 раз

Шымкент қаласы әкімінің аппарат мәжілісінде мегаполис басшысы аудан әкімдеріне қала тазалығы бойынша тапсырмалар беріп, Наурыз мерекесіне дайындық барысын пысықтады. Сондай-ақ, көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанына дайындық туралы баяндалды.

akim77

 

Шымкент қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Әбдіғабит Шегебаевтың айтуынша, 2023 жылы 1856 азамат мерзімді әскери қызметке шақырылып, жоспар 104% орындалған. Ал көктемгі науқанда 948 азаматты әскер қатарына шақыру көзделген.
Мәжіліс барысында қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Талғат Мекамбаев атқарылған жұмыстар мен жоспарларын бөлісті.
Оның айтуынша, өткен жылы қалада ауыл шаруашылық саласына 16 млрд теңгеге инвестиция тартылып, жалпы өнім көлемі (80,1 мың тонна) 52,4 млрд теңгені құрады. Бүгінде мегаполис аумағында 15,2 мың тонна өнім жиналатын 139 гектар жылыжай кешендері орналасқан. Биыл бұл салада 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Шымкент қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Нұрасыл Тулеев баяндама оқыды.
Нұрасыл Айдарханұлының мәліметінше, өткен жылы жеке және заңды тұлғалардың 4109 өтініші қаралып, қанағаттандырылған. Нәтижесінде, тұтынушыларға 182 миллион теңгеге жуық ақша қайтарылған.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.