ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ Избранное

Среда, 20 Март 2024 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 101 раз

Кез-келген ұлттың өзіне тән, атадан балаға ауысып келетін, маңызын жоймайтын ұлттық құндылықтары болады. AMANAT партиясы жанынан құрылған TALQYLAU қоғамдық диалог алаңында өткен «Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты жиында осы ұлттық құндылықтар дәріптелді. Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы үлкен проблеманың бірі жастардың әлеуметтік желіге, смартфон, гаджет әлемінде байланып қалғаны талқыланды.

UltikTarbie

 

TALQYLAU-ға азаматтық қоғам және мәдениетті дамыту мәселелері жөніндегі «MIRAS» аймақтық кеңесінің мүшелері, ғалымдар, фракция мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары, партия, қоғам белсенділері, қала жастары қатысты. Жиынды ашқан «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева жиналған көпшілікті мерекемен құттықтап, басқосудың жас ұрпақтың тәрбиесіне, ұлттың болашағына әсері жайлы сөз қозғады.
– Салт-дәстүрлерімізді, таным-түсінігімізді барынша жастардың санасына сауатты сіңіре отырып, отанын сүйетін ұлт қалыптастыру, халыққа жеткізу мақсатымыз, осы себептен ұлттық тәрбиенің негіздерін бір арнаға түсіріп, жалпы ұрпақ тәрбиесі мәселесінде тиімді пайдалана білу бүгінгі таңда күн тәртібінде тұрған ең басты қажеттілік, – деді Жанар Әлібекқызы.
Жиында сөз алған спикер «АMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «MIRAS» аймақтық кеңесінің төрағасы, жазушы-публицист Момбек Әбдіәкімұлы да ұлттық тәрбиеде ең алдымен өзімізді тәрбиелеу, тіл тазалығын сақтау, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу ортақ мақсат екенін айтты.
Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, Сәкен Мәжінбеков және «Серпіліс» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бейсенкүл Нарымбетовалар да тағлымды ойлары мен ұсыныстарымен бөлісті.
Тәрбиенің қайнар көзі ата-бабамыздан қалған даналық сөздер десек, біз – сол насихаттың қолданушысы әрі қорғаушысымыз. Ендігі жерде елді, Отанды сүюді ең асыл қасиеттің бірі деп бағаласақ, онда ұлттық тәрбиенің басы бүтін көрініс табуы тиіс-ақ. Бүгінгі жиында сөз сөйлеген игі жақсының ойы осы түйінге тоқталды.

С.ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.