ЖЕР ӘЛЕМДІ ЖАЙНАТЫП, НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Избранное

Среда, 20 Март 2024 04:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 159 раз

Жаңару күніне орай Шымкент қаласы №2 Оқушылар сарайында «Армысың, әз-Наурыз!» мерекелік іс шарасы өтті. Ашық аспан астында алты қанат киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды. «Наурыз думан» композициясында қазанат мінген жаршылар көктемнің, Наурыздың келгенін дүйім елге сүйіншілесе, Қыдыр ата жиналған көпшілікке ақ батасын берді. Әжелер алқасы қазанға наурыз көже дәндерін салып, тәттіден шашу шашты.

jerAlem

 

Жер әлемді жайнатып, наурыз тойын тойлатып келген Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шараға ата-аналар мен оқушылар, білім ордаларының басшылары қатысты. №2 Оқушылар сарайының директоры Данияр Егізбаев жиылған көпшілікті мерекемен құттықтады. Жиында Халық аспаптар оркестрі «Ерке сылқым» күйін орындаса, қобызшылар «Илигай» күйін тартып берді. Жастар жағы қыз бен жігіт айтысына шығып, көпшілікті таңдай қақтырды.
Ұлыстың ұлы күніне арналған жиында Оқушылар сарайының 6 бағыты 6 ауыл ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізден көріністер қойды. Ұлттық құндылықтарымыз насихатталып, құдаласу мен сырға салу, ауылдың алты ауызы, әжелер әні бесікке салу, шілдехана тойы, тұсау кесу, жақсының орнына аунату, айтыс, селт еткізер, ұйқыашар, ұршық иіру, киіз басу, асық ату, арқан тарту, қол күрес, гір көтеру, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, қымызмұрындық, жарамазан айту сынды жөн-жоралғылар көрсетілді. Әр ауыл ерекше ізденіспен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге барын салды. Іс шара соңында жиналған көпшілік наурыз көжеден дәм татып, бір-біріне игі тілектерін жаудырды.

№2 Оқушылар сарайының баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.