Көктем әйел қылқаламының ұшында Избранное

Среда, 20 Март 2024 04:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 320 раз

Наурыз мерекесіне орай А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының көрме залында «Көктем бояулары» атты суретшілер көрмесі өтіп жатыр.

koktenaiel

 

Көрменің ерекшелігі мұнда тек нәзік жанды суретшілер, яғни, 25 автордың 64 жұмысы қойылыпты. Экспозиция әйелдер шығармашылығының сан түрлі қырларын айқындайды.
Мұнда әйелдер бейнелерімен үйлесім тапқан көктем, қазақи киіз үй, отбасылық құндылықтар, бесік тербеткен әйел, қазақ қызының бейнесі, көктем шуақтарын айшықтайтын әсем гүлдер суреттері ілінген.
Әр суретшінің қоршаған әлемге деген өзіндік ерекше көзқарасымен, классикалық және заманауи әдістермен жасалған дүниелері.
Көрмеге келушілер дәстүрлі және заманауи кескіндеме туындыларын, батниктерді, гобелендер мен киізден жасалған картиналарды көре алады.
Көрмеге арнайы оқушыларымды алып келдім. Алған әсеріміз керемет, көзіміз қанық бояуларға, ұлттық нақыштағы сан алуан дүниелерге қанықты. Суреттерге қарап, қазақтың кең даласында гүл теріп жүргендей сезіндік, - дейді Т.Тәжібаев атындағы орта мектеп мұғалімі Райша Орманова.
ҚР Суретшілер Одағының Шымкент филиалы және кітапхана ұйымдастырған көрме осы айдың аяғына дейін жалғасады. Келем деушілерге есік ашық.

С.ЖАМАЛДИНОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.