БӨБЕКТЕРДІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ Избранное

Среда, 20 Март 2024 04:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 335 раз

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасына қарасты Бөбектер үйінде «Қайырымдылық күні» аясында  «Наурыз - мерекем, Наурыз берекем»  атты  қайырымдылық іс-шарасы өтті.

bobek

 

Бөбектер үйінің тәрбиеленушілері қонақтардың алдында Наурыз мерекесіне арнап өлең оқып, ән айтып, би биледі. Мерекелік іс-шара барысында екі бүлдіршіннің тұсауы кесілді.
Тәй-тәй басып жүрген сәбилердің қонақтарға гүл шоқтарын тарту еткені үлкендердің жүрегін елжіретті. Оларға да демеушілер мен кәсіпкерлер тарапынан әкелінген тәттілер мен ойыншықтар сыйға тартылып, мерекелік дастарқан басында бәрі «Наурыз көженің» дәмін татты.
Айта кетелік, мамандандырылған бөбектер үйінде төрт жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ақыл-ой және дене дамуында ақаулықтар кездесетін төрт жасқа дейінгі 41 бөбек тәрбиеленуде.

Өзипа АЛТАЕВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.