ҚАРТТАР ДӘН РИЗА Избранное

Среда, 20 Март 2024 04:59 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 335 раз

Қайырымдылық күні Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының №10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында да атап өтілді. Орталық мамандары қарияларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырып, №65 мектеп гимназиясының оқушылары мен М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттері өнер көрсетті. Кәсіпкерлер үлкен кісілерді сый-сияпаттарымен қуантты.

karttar

 

Қазіргі таңда 50 орынды стационардан отбасы күтім жасаудан бас тартқан 47 қария қызмет алады. Орталықтың қызметін I, II топтағы мүгедектер, жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ қарттар пайдаланады.
Салтанатты іс-шарада ән мен күй ойнап, қариялар би билеп, көңілдері сергіп қалды. Тағдырдың тәлкегіне түссе де, көздерінен мейірім кетпеген әжелер өнерлі жастарға алғысын білдіріп, аталар ақ батасын жаудырды.
Мерекелік іс-шара соңында «Кәусар» шайханасы қарияларға арнап қайырымдылық дастарханын жайды.

Гүлнұр БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.