«СЫНЫПТАСТАР» КӨРЕРМЕНГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ Избранное

Среда, 27 Март 2024 04:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 82 раз

Шымкент қалалық өзбек драма театры өз көрермендерін жаңа қойылымдарымен қуантып келеді. Мереке қарсаңында театрда Қанат Жүнісовтың «Сыныптастар» қойылымының премьерасы өтті. Комедия жанрында сахналанған қойылымның желісі - мектеп өмірінің кіршіксіз сәттері, алғашқы махаббат, бейкүнә сезімдерді суреттейді.

ozbek

 

Қойылымға Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мүлкеманов қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтады.
Жаңа премьераға Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері және мектеп мұғалімдері, мектеп оқушылары, өнер ұжымдарының қызметкерлері қатысты.
Езуге күлкі үйірер шытырман оқиға желісіне құрылған комедия көрермен назарын бей-жай қалдырмайды. Мектеп өмірінің қызықты оқиғалары, ұтымды әзілімен жаныңызды баурап алады. Ересек өмірге қадам басып, есейгенде де жүрек түкпірінде партадағы сол бір аяулы шақтарына деген сарқылмайтын сағынышы қалары сөзсіз. Дәл осы бақытты сәтті басынан өткеріп жатқан мектеп оқушылары үшін бұл қойылым тіпті қызық болмақ.
Айта кетейік, «Сыныптастар» қойылымы 1 сәуірде сағат 15:00-де көрермен назарына ұсынылады.

Гүлнұр СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.